- Негізгі бет
- Денсаулық
- Алмаз Шарман. Коронавирус:...
Алмаз Шарман. Коронавирус: Қазақстан үшін үлкен сабақ
Төтенше жағдайға байланысты Қазақстаннан шығуға және сырттан кіруге қозғалыс шектелген. Ірі сауда кешендері мен ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелер жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар спорттық ойын түрлерін өткізуге және отбасылық мерекелер ұйымдастыруға да қатаң тыйым салынады.
Мұндай шаралар короновирус эпидемиясының таралып кетуіне жол бермеу үшін жасалуда. Және Қазақстандықтарды бұған түсіністікпен қарауға шақырамын. Әрі төтенше жағдайлар бойынша барлық талаптармен қатар жеке бастың тазалығын сақтауға кеңес беремін. Дәрігерлер үшін түсіндірілген ақпараттарды халық қатаң орындағаны аса маңызды.
Қазіргі ахуал еліміздің санитарлы эпидемиялогиялық қызметі мамандарына үлкен жауапкершілікті артып отыр. Өйткені алдағы уақытта эпидемия өршіп, білікті мамандар қажеттілігі туындауы мүмкін. Қазір осы қызмет күшейтілген жұмыс тәртібінде тынымсыз еңбек етуде. Қазіргі ахуалға баға бере отырып, еліміздің санитарлық мамандарының тапшылығы сезілуде. Санитарлық-гигиеналық дәрігерлер мектебін қоғамдық денсаулық сақтау құрылымдары алмастырған . Алайда олар эпидемиялық мақсаттағы бағыттан мүлде хабарсыз. СЭС қызметіне ерекше құзырет берген абзал. Мұндай тәжрибе көптеген елдерде қолданылады. Осы орайда айта кетсек Кеңес дәуірінің мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Петр Бургасов денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметінде ғана емес, әскери генерал-майор шенінде қатар атқарған. Яғни бұл санитарлық дәрігерің мемлекет үшін стартегиялық маңыздылық деңгейін байқатады.
Сонымен қатар қазақстан халқы кәсіби білікті мамандардың ескертпелері мен кеңесін бей жай қалдырмауы тиіс. Әрі медицина қызметкерлерінің атқарып жатқан орасан еңбегін құрметтеуі керек. Өкінішке орай көп жағдайда короновирус инфекциясы жөнінде ғылыми білімнің жоқтығынан эмоциялық әрекеттерге жол беріліп жатады. Сол себептен әлеуметтік желілерде теріс ақпараттар жиі тарайды. Ал бұл халық арасында дүрбелең туғызып түсініспеушіліктерге әкеп соғады. Нұқсаулардан адастырып, әжелердің адраспан тұтату сыңды теріс ақпараттарға сеніп жатады. Енді бірі карантиндегі жағдайдың төмендегіне шағымданады. Естеріңізде сақтауларыңызды сұраймын карантин, шипажай емес, төтенше жағдайдан туындаған оқшаулау орталығы санады.
Қазақстандықтар білікті мамандардың айтып жатқан кеңестерін бұлжылтпай орындауы тиіс. Және дәрігерлердің ауыр жұмысына түсіністікпен қараған жөн. Сонымен мамандар:
• Қолыңызды жиі сабынмен 20 секунд бойы жуып тұру қажет
• Спирттік санитайзерлерді қолдану.
• Жөтеліп немесе түшкіргенде аузыңызбен мұрныңызды алақанмен емес, қағаз майлықпен ол болмаған жағдайда жеңіңізбен жабыңыз.
• Бөлменің ішін жиі желтедіп тұрыңыз.
• Өзге адамдармен байланысты үзыңыз. Қол беріп амандасудан бас тарту керек.
• Халық көп жиналатын орынға бармау;
• Бетперде жетпей жатса оған дүрлікпеңіз. сау адамға масканың кию қажет емес.
• Ұзақ жол сапарға шығуды қоя тұрыңыз.
• Егер короновирус туралы сауалыңыз болса 1406 телефон номіріне хабарласыңыз.
Әсіресе бұл жағдайда егде жастағы адамадарды сақ болуға шақырамын. Үлкен адамдардың туған туысы , балалары, немерелері, мейлінше қолайлы жағдай жасауы тиіс. Осы орайда белсенділер мен әлеуметтік қызметкерлер де аталған тапсырмаға жұмылдырылатынын еске саламын.
Жақындарыңызды қорғап, өздеріңіз де сақ болыңыздар!
А. Оралқызы