- Негізгі бет
- Денсаулық
- Алма қабығының пайдасы...
Алма қабығының пайдасы
АҚШ-ның Айова университетінен Др. Б. Адамстың жетекшілігімен жасалған зерттеу алма қабығы арықтауға көмектесетіні белгілі болды. Алмадағы урсол қышқылы майды еріту мен бұлшық етті нығайтуға көмектесетін көрінеді.
Тышқанға жасалған тәжірибеде алманың бұлшық етті 15% көлем қосатыны және денедегі майдың жартысынан көбін азайтқаны анықталды. Урсол қышқылдың тышқандарда бұлшық ет тығыздығын арттырғанымен, жалпы дене салмағын арттырмағаны да анықталды. Осы себепті алма арықтау үшін жақсы жеміс болмақ.
Алманың пайдалары осымен бітпейді. Жүйелі түрде алма жеу қан шекерін, холестеринді және зиянды май қышқылдарының деңгейін азайтады.
Др.Адамс алманың әсіресе уақыт өте келе бұлшық еті азайған қарттар үшін пайдалы екенін, яғни атрофия деп аталатын бұл аурудың "ауру кезде немесе кәрілікте" қатты әсер ететінін және оның емі жоқ екенін атап өтті.
Атрофия ауруына кедергі бола алатын элементтердің алманың қабығында мол болатындығы мәлімденді.
Қ. Слямбек