- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ақуызы мол өнімдер...
Ақуызы мол өнімдер
Ақуыз – адам ағзасына аса қажетті зат. Сондықтан оның қандай өнімдерде көп болатынын біле жүру керек.
Балық
Аптасына кемі екі порция балық жеу керек. Ең пайдалы түрі – албырт, бақтақ, майшабақ.
Жұмыртқа
Бір жұмыртқада 6,5 г ақуыз бар. Әйел адамға күніне орта есеппен 50 г ақуыз қажет.
Ет
Егер етті жақсы көретін болсаңыз, онда ең дұрысы майсыз етті тұтыну. Артериалды қысымды төмендету үшін күніне 175 г ет жеуге кеңес береміз.
Жаңғақтар мен бұршақтар
Бұршақтарда ақуыз көп. Сондай-ақ көмірсутек бар. Құрамындағы май мөлшері де аз. Ал жаңғақтардың құрамында ақуыз ғана көп емес. Ол сондай-ақ артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Құс еті
Тауық еті мен күркетауық етінде ақуыз өте көп. Бірақ май аз. Тауық етінің бір порциясында 21 г ақуыз болады.
Майсыз сүт өнімдері
Сүт өнімдері сүйектерге өте пайдалы. Сондай-ақ олардың құрамында қалыпты қысымды ұстап тұруға көмектесетін ақуыз бар.Ересектерге күніне екі-үш порция сүт өнімдерін тұтыну керек.
Дереккөз: reactor.inform.kz
О. Сансызбай