- Негізгі бет
- Денсаулық
- Академик Төрегелді Шарманов...
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығына өтінім беру басталды
Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төрегелді Шарманов сыйлығын алу конкурсына қатысу үшін өтінім беру басталды. Бұл сыйлық медицина және денсаулық саласы бойынша қазақ тілінде жарық көрген өзекті материалдарға әр тоқсан сайын тағайындалады.
Конкурсқа денсаулық сақтау және түрлі аурулардың алдын алу, сондай-ақ денсаулық пен медицинаға қатысты қызықты және маңызды ақпараттарды қамтитын қазақ тіліндегі жобалар немесе бұрын жарияланған материалдар қабылданады. Материалдар қысқа ғылыми-көпшілік мақала, шағын бейнеролик, комикс немесе инфографика форматында болса қатыса алады.
Бұл сыйлықты тағайындау критерийлері ретінде материалдың өзектілігі мен пайдалылығы, жарияланымның ғылыми негізділігі және анықтығы, түпнұсқа буын және презентация стилі, медициналық білімі жоқ оқырмандардың түсінуіне оңай болуы, тақырыбын қамту деңгейі (сайттағы оқылым саны, әлеуметтік желілердегі белсенділік, оқырмандармен қарым-қатынас), барлық авторлық құқықты сақтау (плагиаттың болмауы) сияқты талаптар аталған.
Жазбаша материалдағы көлем талабы – 1000-нан 4000-ға дейін баспа белгісі, ал YouTube-тегі видеолар үшін талап – ұзақтығы 5 минутқа дейін.
Бұл сыйлықты берудегі бір мақсат – медицина және денсаулыққа қатысты өзекті мәліметтерді баршаға, әсіресе қазақ тілді оқырманға кеңірек жеткізуге бағытталған тақырыптағы материалдарды қолдау. Аталмыш сыйлық туралы, іріктеудің негізгі талаптары, сыйлықақы мөлшері және өтінім беру мерзімдері туралы толығырақ ақпаратты осы сілтемеден ала аласыздар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 8 701 555 87 43 телефон нөміріне немесе award@academypm.org электрон почтаға хат жолдасаңыз болады.
Н. Үсенова