- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ақ үлпек басқан...
Ақ үлпек басқан тіл
"Ақ үлпек басқан тіл" көптеген аурулардың алғашқы белгісі екенінен хабарыңыз бар ма? Соның ішінде, жылдар бойы сіз байқамаған созылмалы аурулар да болуы мүмкін.
Сау адамның тілі қызғылт түсті болады. Кейде ақшыл түсті өңез байқалуы мүмкін, бірақ оның консистенциясы тығыз болмауы қажет. Өйткені өңездің қабаты қалың болып, тілді толықтай жауып тұрса, бұл организмдегі әлдеқандай ақаудың белгісі.
Сонымен қатар тілдегі өңездің түсіне қарап, қандай аурулардың қауіп төндіріп тұрғанын білуге болады:
Қызыл – ишемия, дене температурасының көтерілуі, инфекциялық ауру, пневмония.
Қою қызыл – өмірге қауіпті инфекциялардың, бауыр ауруларының, пневмонияның ауыр және қауіпті түрлері.
Бозғылт – анемия, әлсіздік.
Сары – артық өт, бауыр патологиялары.
Көкшіл – жүрек-қантамыр аурулары.
Қою күлгін – стенокардия, ишемия, мидағы қан айналымының немесе қанның ұюының бұзылысы, жүрек жеткіліксіздігі.
Cондай-ақ тілде өңез болмағанымен, оның сыртқы көрінісі лакталған секілді көрінуі мүмкін – бұл асқазан қатерлі ісігі, созылмалы колиттер, ішектегі ақаулар кезінде болады.
Көптеген адамдар тілдегі ақшыл өңезді қалыпты құбылыс ретінде қарап, аса мән бермейді. Дегенмен, бұл жаңсақ пікір!
Егер тіліңізде қандай да бір өзгерістер байқалса, өңез пайда болса, бүртіктердің түсі, формасы өзгерсе гастроэнтеролог маманға жүгінгеніңіз жөн.
Ақбота Кенжеқожаева
Н. Үсенова