- Негізгі бет
- Денсаулық
- Әжімге қарсы отты-массаж...
Әжімге қарсы отты-массаж
Қытайлық ғалымдар әжіммен күресудің жаңа жолын тапты. Оның аты «отпен жасалатын массаж».
Косметологтар спиртке малынған орамалды бетке қояды. Олар сосын «арнайы эликсир» қосылған орамалдың бетіне от қояды екен.
Мұндай әдіс беттегі әжімді алып түседі екен. Бұдан басқа да түрлі аураларға қарсы емі бар болып шықты. Мәселен суықтап қалсаңыз отты массаж көмекке келеді-мыс. Raut сайтының хабарлауынша, мұндай масаж семіздікпен күресуге де өте пайдалы болып табылған.
"Отты массаж" қызметін ұсынушылар бұл әдістің ешқандай да қаупі болмайтынын айтады. Себебі емдеу жолын оқыған терапевт қарауына алады. Арнайы «эликсирдің» әсерінен адам терісі қызады да, күйіп кетпейді екен. Бұл әдісті жасау барысында адам ағзасын өзгертетін адреналин пайда болады. Сондықтан да оның басқа да ауруларға қарсы тұратын қасиеті бар болып отыр.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: radioromantika.ru
А. Құлтай