Әжелер кеңес береді

Әжелер кеңес береді

Бірнеше ғасыр бұрын әжелеріміз табиғи қалпында қолданған пайдалы заттар бүгінде дәріханалардың төрінен орын алып отыр. Десе де, олардың емдік қасиеттері әлі күнге дейін күшін жойған жоқ. Ендеше, әжелеріміздің сырлы сандығында жатқан құпияларды ақтара отырып, дәрі-дәрмектерді пайдамызға жаратайық.

1. Ұнтақтағы С дәрумені

Шағын ыдыстағы қайнаған суға ұнтақты ерітіп, оған шашқа арналған бальзамды араластырамыз. Қоспаны қарапайым бальзам секілді шашқа шағыңыз. С дәрумені шашты жібектей жарқыратады.

2. Аспирин

Аптасына бір рет аспирин маскасын жасау керек: аспиринге тамшылап су құямыз, ол жайлап түйіршіктеледі. Содан кейін бір шәй қасық бал қосамыз да, жақсылап араластырамыз. Бетке жағып, 10 минутқа қалдырыңыз да, скраб секілді уқалап жағыңыз. Артынан жақсылап шайыңыз. Маска қызарғандарды қайтарып, теріні тегістейді.



3. Майсана

Майсананың кірпік үшін атқаратын қызметін бәрі жақсы біледі деп ойлаймыз. Ал оның шашқа да оң әсер беретінінен (өсуді тездетеді) көпшілік хабардар емес. Шашыңыз ұшталған жағдайда, аз ғана майсана майын алақанға құйып, жатар алдында жағып жатыңыз.

4. Ретин мазі

А дәруменінің сандығы саналатын мазьдің пайдасы шаш-етектен. Әдетте, оны безеуге қарсы жиі қолданамыз, ал мамандар қауымы кәріліктің алдын алып, тері жағдайын жақсартатын, қызыл дақтарды кетіретін қасиеті бар екендігін айтып отыр. Мазьдан жасалған масканы 20-30 минутқа немесе одан да көп уақытқа қалдыруға болады. Кейбіреулер оны түнге де қалдырып жатады.

Суреттер: irinazaytseva.ru 

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева