- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ағзаға ең пайдалы...
Ағзаға ең пайдалы жидекті білесіз бе?
Ырғай витаминдерге бай. Сонымен қатар оның жемісі денені ерте қартаюдан қорғайды.
Ырғай жидегі иммунитетті жақсартады және бактериялармен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, ырғайда С дәрумені, полифенолдар, фенол қышқылдары, таниндер, флавоноидтар мен флаванолдар бар. Олар денені ерте қартаюдан қорғайды, жүректі, қан тамырларын, бауыр мен миды нығайтады.
Зерттеулер көрсеткендей, ырғайдың антиоксидантты әсері бүлдірген, құлпынай, таңқурай, мүкжидек пен көкжидектен бірнеше есе артық.
Аюбадам немесе Ырғай (лат. Sambucus) – байсаттар тұқымдасына жатады. Қазақстанда 2 түрі бар, оның біреуі мәдени түрде өсіріледі. Халық медицинасында аюбадамның гүлшоғырын, жемісін, сабақ қабығын терлеу және іш жүргізу үшін қолданады. Бірақ бұл өсімдікті шикідей пайдалануға болмайды, ол құстырады және іш өткізеді. Жемісі - сүйекті жидек, шілде-тамыз айларында пісіп жетіледі.
Ырғай жидегі микробқа қарсы қасиеттері бар. Ырғай сығындысы немесе жаңа жидек инфекциялардың алдын алуға және пребиотик ретінде қызмет ететіні дәлелденді. Олар әсіресе шөп таяқшасына (Bacillus subtilis) стафилококктарға, қанды уландыруға, перитонитке және басқа да жұқпалы ауруларға әкелетін Kocuria rhizophila бактерияларына қарсы тиімді.
Әрине, ырғаймен инфекцияны емдеу мүмкін емес, бірақ жидекті қолдану сауығуды тездетеді немесе дененің қорғаныс функцияларын арттырады.
2018 жылы қытайлық ғалымдар жүргізген зерттеу көрсеткендей, ырғай инфекцияларға қарсы әрекет ететін ақ қан жасушаларының белсенділігін арттыру арқылы иммунитетті күшейте алады.
"В тобындағы дәрумендерге аллергияны қоспағанда, ырғай жидегіне қарсы көрсетілімдер жоқ. Егер ырғай В тобындағы дәрумендермен бірге қолданылса, аллергия тудыруы мүмкін. Бұл жемісті күніне 100 грамнан артық тұтынбау керек", - дейді м.ғ.д., профессор, кардиолог, диетолог Владимир. Подхомутников.
Дәрігер жидекті мұздатылған күйде сақтап, қайнатпаған дұрыс екенін айтты, өйткені ол жоғары температурада термиялық өңдеу кезінде пайдалы қасиетін жоғалтады.
Т. Раушанұлы