- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адамның табиғи иісі...
Адамның табиғи иісі
Әр адамның өзіне тән иісі болады деп жатамыз. Әркімнің саусақ таңбасы әртүрлі болатыны сияқты, иіс те әркімнің өзіне тиесілі болса керек. Ол иісті ең қымбат әтір де кетіре алмайды деседі. Ол адам терісінің, шашының, демінің иісі...
Әр адамның иісі тек өзіне тән микрофлора мен одан бөлінетін заттардан құралады. Тері мен шырышты қабаттарда тіршілік ететін бактериялар май, тері және тағы басқа бездерден бөлінетін заттарды ыдыратып, адам иісін түзетін заттарды өндіреді. Егер адамның он екі мүшесі сау болса, оның иісі де жағымды болады. Денсаулығында ақауы бар адамның иісі сәйкесінше, жағымсыз болады. Бірақ, ол өзіне емес, айналасындағы адамдарға білінеді. Күйзеліске түсіп, дұрыс тамақтанбау асқазанға зиян келтіріп, бауыр мен бүйректі құртады. Ал терінің иісі дәл осы мүшелерге әбден байланысты. Шаштың табиғи иісі де (сусабынның емес) адамның денсаулығынан хабар береді. Шаш өздігінен иіс шығара алмайды, иісті бөлетін - шаштың терісі. Яғни, адамның иісі - одан шығатын тердің иісі. Ағза тердің екі түрін бөледі:
• экзокриндық – иіссіз, мөлдір тер;
• апокриндық – өткір иісті тер.
Ғалымдар адамның иісі немен тамақтанатынына тікелей байланысты деп отыр. Парфюмерияның түр-түрі сау емес ағзаның әсерінен тері бөлетін жағымсыз иістерді уақытша жоюға қауқарлы. Бірақ, тыныстағанда шығатын жағымсыз иісті құртатын парфюмерия әлі де жоқ. Сөйлеген кезде, ауыздан жағымсыз иіс шықса, ол да іш құрылысында, тісте ақау бар екенін білдіреді. Сағыздың көмегі аз, сондықтан, ауыздан шығатын жағымсыз иістің негізгі себепкерін анықтап алу қажет. Емдеудің қарапайым тәсілі мынау - күніне тісті екі рет шайып тұру, тамақтан соң, ауызды шаю.
Халық арасында адамның иісі оның мінезіне байланысты деген түсінік бар. Кішкентай бөбектің, жас адам мен кәрі кісінің иістері өзгешеленіп тұратынын байқаймыз. "Адамның иісінен жан-дүниенің тазалығы сезіледі" дейді жұрт. Бұл сөздің шын не өтірік екенін сіздің таразыңызға қалдырдық. Біздің айтарымыз – дұрыс тамақтанып, денсаулығыңызға мән беріп, өз-өзіңіздің, киіміңіздің тазалығына мұқият болсаңыз болғаны...