- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам денсаулығына пайдалы...
Адам денсаулығына пайдалы 5 жануар
Ғалымдар адам денсаулығына оң әсер ететін және оның жақсаруына септігін тигізетін топ-5 жануарды атады. Олар мысық, ит, жылқы, ара және жылан.
Мысық тұқымдас жануарлар көбіне жүйке жүйесіне қатысты депрессия секілді ауруларға жақсы. Ол сонымен қоса ас қорту жүйелерін емдеуге көмектеседі екен. Мысыққа жақын отырған адамдардың қан қысымы мен жүрек қағысы тез реттеледі. Ал ит болса, тап сканер секілді адам бойында енді ғана пайда болып келе жатқан қатерлі ісіктерді тез анықтайды.
Жылқы психикалық ауруларға шалдыққан науқастарға, әсіресе, пайдалы. Атқа мініп, таза ауамен демалған аутисттерді тыныштандырады.
Жыланның уы мен араның балы барлығымыз білетіндей медицинада жиі кездеседі. Дәрігерлер оларды ұмытшақтық және невралогиялық ауруларға көп қолданады. Осы секілді аяқ-қолдары, буындары сырқырайтындар, жел-құздары барлар пайдаланады.
С. Ерсін