- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам денсаулығын жақсартатын...
Адам денсаулығын жақсартатын таңғы әдеттер
Адамның күні таңнан басталады. Таңертеңгі әдет бүкіл күннің "тағдырын" шешеді. Сондықтан күнің жақсы болуы үшін таңғы әдеттерді ретке келтіру керек.
Сонымен адам денсаулығын жақсартатын таңғы әдеттер қандай екен, соған тоқталайық.
Жаттығу. Тұрған соң бүкіл өне-бойыңызды жазып, керіліп-созылып жаттығу жасаңыз. Созылумен бірге күш көбейтетін ауыр жаттығуларды жасасаңыз болады. Медитация жасауға да болады. Соның арқасында адамның психикалық денсаулығы жақсарып, ойлауы күшейеді. Жад пен концентрация жақсарады.
Су ішу. Кәдімгі жылы ауыз су ішу. Асқазан оянып, жұмыс бастауы үшін алдымен жылы су ішіп баптау қажет. Сосын барып біраз уақыттан кейін таңғы ас ішіңіз. Жылы су қанға тез сіңеді. Содан адамның когнитивті ойлауы жақсарады, энергиясы қалыпқа келеді.
Жанұямен ас ішу, уақыт өткізу. Таңертең жанұямен жылы отырып сөйлесу адамға мықты нейромедиатор бола алады, психикасы мен ақыл-ойына жақсы әсер етеді.
Істейтін шаруаның тізімін жасау. Күні бойы істейтін шаруаның, істің бәрін тізімдеп алыңыз. Бұл – өте жақсы әдет. Күніңді жоспарлауға ұйымдастыруға жақсы септігі тиеді.
Қ. Слямбек