- Негізгі бет
- Денсаулық
- Адам денесінің сырлары...
Адам денесінің сырлары
Күнделікті өмір барысында біз өзіміздің денеміз бен ағзамыздағы қызықты жайттарға көңіл аудармайды екенбіз. Алайда денеміздің де сансыз сырлары бар екен.
- Адам өкпесінің ауданы 100 шаршы метр шамасында.
- Оң өкпеге сол өкпеге қарағанда көбірек ауа сыяды.
- Сіз күніне 23 000 рет дем аласыз.
- Бір рет жиырылғанда жүрек 200 мл қанды айдайды екен.
- Қанның толық айналымы: ересектерде - 20-28 секунд, балаларда - 15 секунд.
- Бір күнде адамның қаны 1,5-2 мың рет денеңізді айналып шығады.
- Жүрек-тамыр жүйесінің белсенділігі кешкі сағат 6-да ең жоғары, 3-4-те - ең төмен.
- Күніне адам 7-10 км (10000-14000 қадам) жасайды.
- Адам ағзасындағы ең мықты бұлшық ет жүрек емес, тіл екен. Жүректі ең төзімді десе болады.
- Адамның денесінде өсетін бар шаштың ортақ ұзындығы - 725 километр.
- Қол тырнақтары, аяқ тырнақтарына қарағанда 4 есе тезірек өседі.
- Күні бойы адам денесінің шығаратын жылуы 33 литр мұздай суды қайнатуға жетер еді.
- Өмір бойы бір кісі 2,5 тонна ақуыз, 1,3 тонна май, 17,5 тонна көмірсу мен 75 тонна су қабылдайды.
- Күніне бір қорап темекі шегетін адам, жылына жарты стақан шайыр ішкендей болады.
- Әйелдер ер кісілерге қарағанда 2 есе көп көз жыпылықтатады.
- Адамның әр саусағы өмір бойы 25 миллион рет бүгіледі екен.
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com