D дәруменінің жетіспеушілігі ми жұмысын нашарлатып, психоневрологиялық симптомдарға әкелуі мүмкін.
Ағзаға өте қажет дәрумендердің бірі – D витамині. Ол ағзаға жетіспесе, біршама аурудың белгілері пайда болып, асқынуға ұласуы мүмкін. Сондықтан D дәруменінің деңгейіне мән берген жөн.
Мамандардың айтуынша, ағзада D дәруменінің жетіспейтінін білдіретін екі үлкен белгі бар: бірі – психоневрологиялық белгілер, екіншісі – сүйек-тірек аппаратының нашарлауы.
Дәрігерлердің айтуынша, D дәрумені аз адам өте әлсіз, шаршаңқы, немқұрайлы болады. Басы жиі ауырады, депрессияға бейім келеді. Ойлау және когнитивті функциясы нашарлайды. Ашуланшақты да осыған қосуға болады. Мұны бәрі – психоневрологиялық белгілер.
D витамині бұлшық ет пен сүйектің дұрыс қатаюы мен жұмыс істеуі үшін өте қажет. Буын мен сүйек аурулары да витаминнің жетіспеуінен. Сүйек дұрыс қатаймай, бүлінгіш, тез шытынағыш болады. Бұлшық еті әлсіз, ауру келеді.
Ағзадағы D витаминінің көлемін анықтаудың бірден-бір жолы – талдау тапсыру.