- Негізгі бет
- Денсаулық
- 8 сағаттан артық...
8 сағаттан артық ұйықтайтын адамдардың өмірі қысқа болады
Ғалымдар тәулігіне сегіз сағаттан артық уақыт ұйықтайтын адамдардың аз өмір сүретінін дәлелдеді, – деп хабарлайды The Telegraph. Бұл туралы Nur.kz жазды.
Дәрігерлер ересек адам күніне жеті сағаттан сегіз сағатқа дейін ұйықтауы тиіс деген қорытынды жасады. Он жыл бойы сарапшылар миллиондаған адамға ұйқыға жұмсаған уақыттары туралы сауалдар қойған. Соның нәтижесінде, ұзақ ұйықтайтын адамдардың күйзеліске, қант диабетіне және жүрек ауруларына жиі ұшырайтыны дәлелденді.
Тәулігіне алты сағаттан кем ұйықтайтын адамдардың ғұмыры жеті сағат ұйықтайтындардан қысқа болатыны да анықталды.
сурет: kaksg.ru
Е. Қайрахан