- Негізгі бет
- Денсаулық
- 5 минутқа демалудың...
5 минутқа демалудың 6 әдісі
Қала өмірінің тұрмыс-тіршілігі есі кеткен адамның естімеген әңгімесіндей. Жиналыс, презентация, жаңа тапсырыстар, почта, твиттер, фейсбук, массагет - осының бәріне үлгеру керек, үлгеру керек...
1.Тамақтану: көк шай; шоколад плиткасы; бірнеше қасық бал және манго жеп, сағыз үрлеңіз;
2.Ішкі әлем: медитация; асықпай, терең тыныс алу, релаксация (бой жазу) жасау; кеңсенің шуынан құлақты ала қашып, сонау ғасырлардың көкжиегіне көз салыңыз;
3.Дененің релаксациясы: қолға массаж жасап, акупрессура істеп көріңіз (қытайлық медицинада ежелден келе жатқан нүктелі массаж); ол да болмаса аяқ-киіміңіз бен шұлығыңызды шешіп, теннис добынын үстінен арлы-берлі жүргізіңіз; ол да болмаса білекті салқын суға салып көріңіз;
4.Жаңа орта: жалғыз қалыңыз; бой жазып тұратын арнайы орта жасап алыңыз; мүмкін, терезеге үңіліп қарағаныңыз дұрыс шығар. Сонда барып сізге тітіркендіріп жүрген, тітіркендіріп тұрған ортанын қаншалықты әсер ететінін бағамдарсыз;
5.Шығармашылық: өзіңіздің ең жақсы көретін әніңізді тыңданыз; физикалық жаттығуларға кірісіңіз; жүректің қалауымен күнделік жазыңыз;
6.Иістер: ароматерапияны байқап көріңіз; цитрус тектес гүлдерді иіскеңіз; кофенің иісі ұйқыңызды ашып, жақсы көңіл-күй сыйлайды.
сурет:chaskor.ru
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига