- Негізгі бет
- Денсаулық
- 3 қана ингредиенттен...
3 қана ингредиенттен жасалатын сиқырлы сусын
Бұл дәрінің құрамында сарымсақ, лимон, жанжабіл және су бар. Оны Германияда ойлап тапқан. 3 қарапайым тағамның қосындысының сіздің денсаулығыңызға пайдасы мол. Ал ең бастысы бұл сусын артерия тығындалған кезде, қандағы холестирин мөлшері көбейгенде, салқын тигенде көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар шаршағаныңызды басып, инфекциялық аурулардың алдын алады. Иммундық жүйені де жақсартып, ағзаңызды тазартады.
Бұл сиқырлы сусынды дайындау үшін:
♣ 4 үлкен сарымсақтың басы;
♣ 4 лимон қабығымен бірге;
♣ Жанжабілдің кішкентай тамыры;
♣ 2 литр таза су қажет.
Жасалу жолы:
1. Лимонды кесіп, оны кішкентай бөліктерге бөліңіз. Қалғандарын жақсылап тазалап, блендермен уақтаңыз.
2. Содан соң қоспаны металл ыдысқа салып, 2 литр су толтырыңыз.
3. Кейін ыдысты плитаға қойып, қайнағанға дейін жиі араластырып тұрыңыз.
4. Сосын сусынның суығанын күтіп, бөтелкеге құйып қойыңыз.
Бұл дәріні күн сайын тамақ ішер алдында 2 сағат бұрын немесе аш қарынға ішу керек. Сарымсақтың иісін уайымдамаңыз, өйткені лимон бәрін бейтараптандырады. Денсаулық – басты байлық екенін ұмытпаңыздар.
Сурет: takprosto.cc
Ж. Исакаев