- Негізгі бет
- Денсаулық
- "Постковидтік" синдром...
"Постковидтік" синдром белгілері – маман жауабы
Коронавируспен ауырған қазақстандықтардан біраз уақыттан кейін "постковидтік" синдром белгілері байқалады. Бұл аталған аурудың жеңіл түріне шалдыққандардың өзінен де байқалып жатыр. COVID-19 инфекциясының салдары және синдром белгілері туралы кардиолог Махаббат Бекбосынова сұхбат берді.
"Қазір коронавирус инфекциясы тамыр жүйесінің қабынуы екені баршаға мәлім, өйткені ол, ең алдымен, тамырларды қаптайтын жасушаларға әсер етеді. Бұл бізге жақсы таныс бактериялық пневмония немесе тұмаудың салдарына ұқсас деуге келмейді. Себебі ол – қан тамырларының ауыруы. Яғни ол бірден барлық органдар мен жүйелердің зақымдануынан басталады.
Ішкі құрылыстан ең үлкен зардапты өкпеге тиеді, себебі вирус жасушаға көбінесе өкпеде болатын ангиотензинді өзгертетін ферменттік рецепторлар арқылы енеді. Содан кейін иммундық жүйе қосылады. Аурудың аса ауыр түрінде иммундық жүйе гиперактивтенеді және ол дененің өз жасушаларына қарсы жұмыс істей бастайды", - дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова.
Махаббат Бекбосынова
Пандемия алғаш белең ала бастағанда дәрігерлер науқастардың 80 пайызы инфекцияның жеңіл түріне шалдығатынын айтса, қазір мамандар COVID-19 әр адамға әр түрлі әсер ететінін және салдары да бар екенін анықтаған.
"Инфекция жәй ғана иіс сезу қабілетін жоғалтқандар мен сәл қызуы көтерілгендерге де, оның жеңіл түріне шалдыққандарға да әсер етпей қоймайды". Постковидтік синдром науқас сауықты деп есептеліп ауруханадан шыққаннан кейін екі-үш айдан кейін білінеді екен.
Яғни, адам өзін жақсы сезінеді және ауруханадан шығарылады. Өзін сау деп санап жүрген адам кенеттен осындай белгілерді байқай бастайды. Олар адамның ағзасы сауыққан және жағдайы қалпына келтірілген кезде де пайда бола береді", - деп түсіндірді дәрігер.
Бекбосынова "постковидтік" синдромның көріністері көп қырлы келетінін атап өтті. Бұл симптомдартыныс алу жеткіліксіздігімен қатар жүруі мүмкін, одан тәуелсіз белең алуы да ғажап емес.
Т. Раушанұлы