- Негізгі бет
- Денсаулық
- Көзілдірік пе...
Көзілдірік пе әлде линза ма?
Көру қабілеті нашарлаған адамдар саны күннен күнге артып келеді. Біреуі көзәйнек тақса, енді бірі линза қолданғанды дұрыс көреді.
Көзілдірік – көздің көру қабілетін түзеуге арналған ең кең тараған құрал. XIII ғасырдың соңында ойлап табылған көзілдірікті тағу оңай әрі ыңғайлы. Ал контактілі линза кейін пайда болды. 1888 жылы жасалған алғашқы линзалар әйнектен жасалғандықтан оны қолдану ыңғайсыз еді. Тек 1930 жылдан бастап біз үйренген пластиктен жасалған линзалар пайда болды. Қазіргі уақытта әлем бойынша 150 миллион адам линза тағады екен.
Екі құралдың да артық және кемшін тұстары бар. Көзілдірік белгілі бір аумақты ғана жақсы көрсетеді, ал көзге жақын орналасатындықтан көрінбейтін аймақтары болады. Контактілі линзаға келер болсақ, оның басты проблемасы – бактериалы кератит пен құрғақ көз синдромы. Линзаны қолданарда гигиенаға өте мұқият болған жөн. Оған қоса, линзадан көздің мүйізгек қабығының сезімталдығы төмендеп, жастың аз шығуына сеп болады. Салдарынан көз құрғап, бетінде жарықтар айда болады.
Линза көзілдірікпен салыстырғанда ыңғайлы әрі тағып жүргенің білінбейді. Бірақ дәл сол көзілдірікпен салыстыратын болсақ, линзаның күтімі әлдеқайда қиын. Линза тағып ұйықтауға болмайды, үнемі тазалықты сақтап жүру қажет.
Линзаның тиімсіз тұсы:
- Кейбір көз ауруы бар адамдарға линза тағуға болмайды;
- Линза тазалығын өте миқият қадағалау;
- Линза ұқыпты қолдануды талап етеді (оны сақтайтын контейнер, сұйықтық, көзді құрғаудан сақтайтын тамшыны қоса алып жүру керек);
- Құрғақ ауада линза көзден түсіп кетуі мүмкін;
- Арнайы күтім заттары, жарамдылық мерзіміне байланысты шығыны көп.
Көзілдіріктің тиімсіз тұсы:
- Көзілдірік киіп спортпен шұғылда алмайсыз;
- Қыста жылы жерге кіргенде әйнегі буланып, ыңғайсыздық тудырады;
- Жаңбырлы күні әйнек суланып мазаңызды қашырады;
- Жан-жағыңызға басыңызды бұрып қарауға тура келеді, бұдан көздің бұлшықеттері жұмыс істемейді.