"Түрменің ішінде де түрме бар". Түзеу мекемесінен эксклюзив репортаж

Темір тордың арғы жағында түздегі тіршіліктен мүлдем басқа өмір өтіп жатыр. Біздің түсірілім тобы Алатау қаласына қарасты Заречный ауылындағы түзеу мекемесіне барып, ауыр қылмыс жасаған адамдармен тілдесті.

Абақтыға аяғы тиген әрбір адам "мұнда ажалдан басқаның бәрін ойлап шығамыз" дейді.