"Тілімнің ұшында тұр" немесе неге сөздерді ұмытып қаламыз?

Кейде қандай да бір сөз тіліміздің ұшында тұрады, бірақ есімізге түсіре алмай қиналып кетеміз. Бұны летологика деп атайды. Оның пайда болуына бірнеше нәрсе әсер етеді. 

Біріншіден, адамның бірнеше тілде қатар сөйлеуі. Сөздік қор көп карточкаға ұқсайды. Әр сөзге бірегей түр, иіс, дыбыс қойылған. Кей сөздер бірнеше тілде қолданылатын болғандықтан, оның нақты белгісі болмайды. Сол себепті ми оны керексіз деп танып, өшіріп тастайды.

Екіншіден, алкоголь немесе есірткі пайдалану. Мұндай заттардың кесірінен адамның қабылдау жылдамдығы түсіп кетеді де, ол ойын ұзақ тұжырымдайды.

Үшіншіден, күйзеліс те сөзді ұмытып қалуға себеп болады. 

Егер адам сөздерді жиі ұмыта берсе, ол Альцгеймер ауруы немесе деменцияның басқа түрі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тек сөйлесу ғана емес, санау, ақпаратты жаттау және жүрген жерлерін табу да қиындай түседі.



Бөлісу: