13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасында қақтығыс басталды. Оқиғадан кейін қос елдің әскери ведомстволары қарама-қайшы ақпарат таратты. Армения Әзербайжанды артиллериямен және ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасады десе, Әзербайжан Арменияны ауқымды арандату жасады деп айыптады.
Екі тарап та өз әскерилерінің арасында қаза тапқандар бар екенін хабарлады.
Енді Армения бұл қақтығыста Ресей мен Ұлттық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрап отыр. Бұл ұйымда Қазақстан да бар. Бірақ әзірше Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жғдайға қатысты пікір білдірмеді.
Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ шиеленісі 1980-жылдары басталған. Бұл аумақта армян ұлтының өкілдері тұрған, бірақ жер Әзербайжан иелігінде еді. Сол жылдардағы соғыста Армения Таулы Қарабақтың көп бөлігін басып алған.
2020 жылы Әзербайжан сол жерлерді қайтарып алды. Кейін аумаққа Ресейдің бітімгер әскері кірді.