@massaget.kz #рек#казахстан#қазақстан#бауырсақ#батыс#шығыс#оңтүстік#солтүстік#хочуврек#жаңалық#таным ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Сіз тұратын аймақта бауырсақ қалай пісіріледі?
Әр өңірде бауырсақ әртүрлі жасалады. Бауырсақтың бір түрі - ақ бауырсақ. Оны ертеде сыйлы қонақтарға арнап дайындаған.
Одан бөлек, "түйе бауырсақ" деген де түрі бар. Түйе бауырсақ үлкен әрі дөңгелек пішінді болады. Шығыста, әсіресе Семей жақта ши бауырсақ пісіреді. Оны жіңішкелеп кеседі.
Ертеде ата-бабамыз ұзақ жолға арнап, тоң майға бауырсақ пісірген. Оны "жол бауырсақ" деп атаған. Сондай-ақ, "сүт бауырсақ" деген де түрі бар. Деректерге сүйенсек, ол Жезқазған жақта дайындалады.
Балға қатыратын түрін болса тұш бауырсақ деп атаған. Оңтүстікте, дәлірек Шымкентте домалақ бауырсақ пісіреді. Және қиғаш бауырсақ деген де түрі бар. Оны Түркістанда дайындайды. Батыста да дөңгелек, қиғаш пішінді бауырсақтар танымал.