@massaget.kz #лихтенштейн#аустрия#пруссия#италия#мир#европа#еуропа#рек#қазақстан#казахстан#хочуврек#война#соғыс ♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Соғысқа 80 адамдық әскерімен барып, 81 болып қайтқан ел туралы естідіңіз бе?
Аустро-Пруссия-Италия соғысы кезінде Лихтенштейн мемлекеті оңтүстік шекараны күзету үшін 80 адамдық гарнизон жібереді. Тарихшылардың айтуынша, олар тау пейзажына тамсанып, шарап ішіп және көңіл көтергеннен басқа ешнәрсе жасамаған. Жеті аптадан кейін соғыс аяқталады. Аустрия жеңіледі. Лихтенштейн әскері елге оралады. Бірақ олардың саны кеткендегіден артық болып шығады. Сөйтсе. аустриялық офицерлердің бірі еліне оралудан бас тартып, лихтенштейндіктердің қатарына қосылып кеткен екен.
Бұл мүмкіндікті пайдаланып, 1866 жылы билік әскерді таратуға шешім қабылдайды. Басты себеп бос шығындар деп көрсетеді. Лихтенштейнде содан бері әскер жоқ.
Қазір оларда көршілес Аустрия мен Швейцария әскерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін полиция қызметі ғана бар.