Соғыстан аман оралғанымен, түр әлпетінің сау-тамтығы қалмаған адамдар болды. Ол уақытта пластикалық хирургия дамымаған еді.
Сол сәтте америкалық Анна Колман Лэдд Франциядағы шеберханасында соғыстан зардап шеккен адамдарға арнап арнайы бетперде дайындады.
Ол үшін алдымен науқастың түр-әлпетін гипс арқылы көшіріп алды. Кейін оны өңдеу арқылы соғысқа дейінгі түрін шығарды.
Одан кейін ғана беттің жетіспеген бөлігін жасаған.
Аннаның негізгі мамандығы мүсінші болса да, халық оны алғашқы пластикалық хирург ретінде таниды.
Осы және өзге де қызық ақпаратты оқу үшін massaget.kz сайтына жазылыңыз.