Шатқалға ойып жазу жазған Мәдениет үйінің директоры қызметінен кетті

Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалындағы жартасқа жазу жазған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған еді. Желіде лезде хит болған видеодан кейін тасқа есімін қашап жазған ер-азаматтың Ақтөбе «Қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев екені анықталды. «Былтыр қазаннан бері жұмыс істеп жатыр. Бұған дейін тәртіптік жазаға тартылған емес. 1 тамыздан бері жыл сайынғы еңбек демалысында. Қажеттілікке байланысты біз оны еңбек демалысынан қайтадан шақырып аламыз», - деді Ақтөбе қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжайна Бисенғалиева.


Артынша Манас Көшербай бұл іс әдейі жасалмағанын алға тартып, кешірім видеосын түсірді. Бірақ ол көмектеспеген сияқты, себебі Массагет редакциясына Манас Көшербаев қызметінен кетті деген хабар келіп түсті. Ақтөбе мәдениет басқармасы басшысы Алтынай Юнисова: «Көшербаевтың жұмыстан кету өтінішін өз еркімен жазғанын айтты».