Тоғызқұмалақ ойынын үйрену. Тоғызыншы сабақ

Тоғызқұмалақ ойынына арналған сабақтарымыздың кезекті санына назар салыңыздар. Бұл жолы жүргізуші Айдос Сейітжан тұздықтың күштері мен оларды бағалау көрсеткіштеріне және тоғызқұмалақ ережелерінің қалыптасқан кезеңіне тоқталады. Ойын барысында әр тұздықтың күшін, өзіндік ерекшеліктерін білу маңызды, сол себепті бүгінгі дәрісті міндетті түрде көріңіздер!