Тоғызқұмалақ ойынын үйрену. Алтыншы сабақ
Тоғызқұмалақ зияткерлік ойыны туралы бағдарламалар циклінің алтыншы сабағына назар салыңыздар. Бүгінгі сабағымызда тоғызқұмалақ ойынының қағидалары мен жүріс санын есептеудің маңызына, құмалақ ұтудың шағын түріне тоқталамыз. Оған қоса видеода "Көшпенділер ойынын" жақсы меңгеру үшін қандай қағидаларды басшылыққа алу керектігі де айтылады.