Өзін-өзі қорғау сабақтары. Он бірінші шығарылым

"Жаттығу залының" он бірінші сабағы ерекше болмақ. Бүгінгі жаттығуымыздың тақырыбы "Вин Чунь" деп аталады. "Вин Чунь" - Қытай жерінде ойлап шығарылған ағаш манекен. Бұл әдісті қолдану арқылы көп жылдық тәжірибие жинаған атақты Брюс Ли мен Джеки Чанның өнеріне бүгінде күллі әлем жұртшылығы тәнті. Бұл топтамадан өзіңді қорғау арқылы өзгеге қарама-қарсы соққы жасаудың тиімді тәсілдерін көре аласыздар.