Өзін-өзі қорғау сабақтары. Жетінші шығарылым
"Жаттығу залының" төртінші шығарылымы Израильде негізі қаланған крав-мага атты қолма-қол ұрыс түріне арналған еді. Бүгінгі шығарылымда крав-маганың тағы бір әдісін көре аласыздар. Бұл ұрыс түрінің мақсаты өмірге төнген қауіпті тез арада бейтараптандыру. Шектелген ережесінің жоқтығының арқасында қорғанудың бұл түрін кез-келген жастағы адам үйрене алады. Бірақ басқа спорт түрлері сияқты крав-мага да еңбек пен шыдамдылықты талап ететінін ұмытпаңыздар. Көрген нәрсені тек үй жағдайында ғана емес, арнайы жаттығу залдарына барып, мамандармен бірге қайталасаңыздар пайдасы көбірек болады.