Көптен күткен қыздарға арналған жаттығулар да басталды. Өз мүсініне мән беріп, сымбатты болу үшін арнайы спортпен шұғылданғысы келіп, бірақ қандай жаттығудан бастауды білмейтін аруларымыз үшін арнайы дәрістер өткізуді жөн көрдік. Бүгінгі алғашқы сабағымыз ең көп сұранысқа ие бөксе жаттығуларына арналады. Бұл жаттығуларды жасау барысында жылдам нәтижеге қол жеткіземін деп ағзаңызды құртып алмаңыз. Барлығын өз деңгейінде жасаған жөн.