Жаттығу залы. Бесінші сабақ. Аула жағдайына арналған жаттығулар

Достар, спортпен фитнес залдарында ғана емес, аулаларда да шұғылдануға болады. Үй маңайында турник пен брусья болса, онда спортпен шұғылдануға мүмкіндігіңіз көп. Себебі, аула жағдайындағы осы бір тренажорлар арқылы өз денеңізді қалыпқа келтіріп қана қоймай, түрлі әдіс-тәсілдер істеп үйренесіз. Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған жігерлендіру видеоларының барлығын жасауға болады. Ол үшін тек көп дайындық керек. Бұл сөзімізге Айдос бауырымыздың жасаған тамаша қимылдары дәлел. Арнайы фитнес залдарына бармаса да, кешқұрым не таңертең турникке асылып бір екі жаттығуды қайталап, брусьяға ойнап кетуді әдетке айналдырған. Бұл видеоны көру арқылы осындай әдемі трюктер жасауға өз мүмкіндігіңіз де жететініне көз жеткізесіз. Ендеше жаттығу залының келесі бейнеролигін тамашалап, үй жағдайында айналысуды бастаңыз.