Домбыра үйрену сабағы. Үшінші сабақ
Қолына домбыраны ала сала күмбірлете кететіндерді көргенде шабытың ашылып, өзіңнің де дәл солай ойнағың келіп кетері сөзсіз. Ол үшін, әрине, бастапқыда біраз тәжірибе жасаған дұрыс. Сол себепті үшінші дәрісімізде қос ішекті аспапты қалай дұрыс қағу керек екенін үйрететін боламыз. Бұл сабақты көру арқылы күмбірлетіп күй тартып кетпесеңіз де, қолыңыздың біраз икемге келетініне кәміл сенеміз. Ендеше, іске сәт.