Домбыра үйрену сабағы. Он бірінші сабақ
Ұлттық аспаптық өнерге зер салған оқырман! Бүгін сіздерге Құрманғазының "Ақсақ киік" күйінің сағаға дейінгі буыны қалай ойналатынын көрсететін боламыз. "Балбырауынды" тартып үйренсеңіздер, одан әрі тағы бір күрделі күйге кезек келді. Айта кетейік, домбыра үйренгенде әрбір нотаның қандай дыбыс шығаратынын есте сақтаған дұрыс. Себебі өзге күйлерді дыбыс арқылы тартып үйренуге пайдасы мол екенін біле жүріңіздер. Іске сәт.