Домбыра үйрену сабағы. Жетінші сабақ

Домбыра үйренуге талпынған достар, армысыздар. Осы уақытқа дейін орындыққа қалай дұрыс отыру керек екенін меңгеріп, оң қолымызбен түрлі қағыстардың жаттығуын жасап, сол қолымызды ноталардың үстіне қойып үйрендік. Бүгін көптен күткен күн жетті, сабағымызда халық күйі "Келіншекті" ойнауды үйрететін боламыз. Сонымен, іске сәт.