Домбыра үйрену сабағы. Бесінші сабақ

Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны үйренуші көрермен. Біздің өткен сабағқтарымыздағы жаттығуларды қайталап, қолыңызды біраз жаттықтырып алсаңыз, енді сіздерге күрделірек тапсырма ұсынатын боламыз. Және бұдан кейінгі дәрістеріміз де қиындай түспек. Сондықтан үзбей көріп, соңынан қайталауды ұмытпаңыздар. Бүгінгі дәрісімізде оң қолдың қағысы мен сол қолдың саусақтарын бірге қосу жаттығуларын көрсететін боламыз. Сонымен, бесінші сабақты тамашалаңыздар.