Қолына домбырасын алып, біздің келесі дәрісімізді күтіп отырған көрермен, бүгін біз сіздерге әдеттегідей тағы бір жаңа сабағымызды ұсынатын боламыз. Алтыншы дәрісті көру арқылы ілме қағысты қалай тартуға болатынын және пиццикато қағысының қалай дұрыс ойналатынын үйренетін боласыздар. Ендеше осы қағыстарды бейнежазбадан тамашалап, үйде бірнеше рет қайталаңыз.