Бүгінгі дәрісімізде осыдан бірнеше сабақ бұрын бастаған модальді етістіктердің жалғасын өтеміз. Бүгінгі тақырып Must and have to деп аталады. Бұл екі етістік адамның белгілі бір іс-әрекетті жасауға міндетті екенін білдіреді. Дегенмен must пен have to арасында айырмашылық бар. Ол қандай айырмашылық екенін және қайсысы қандай жағдайда қолданылатынын видеодан көре аласыздар.