Республикалық бюджеттен депутаттың айлығына дейін / Нұртай Сабильянов / Сұхбат

Таяуда үкімет мүшелері алдағы үш жылға арналған бюджетті қорғады. Бір сөзбен айтқанда, бюджеттің түсімі аз, шығысы көп. Мемлекет қазынасында 4 трлн тапшылық бар. Қазақстанның сыртқы берешегі 162 млрд долларға жетіпті. Қарызды төлеу үшін келесі жылы бюджеттің төрттен бір бөлігін жұмсағалы отырмыз. Бұған қоса, Ұлттық қордан бөлінетін қаражат көлемі де жыл сайын артып келеді. Бюджеттің шығыс-кірісіне қатысты түйткілді мәселелерді Парламент Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов Massaget TV тілшісіне айтып берді. Толығырақ сайтымызға өтіп, таныса аласыздар.

https://massaget.kz/

Біздің редакцияға хат жолдағыңыз келсе: +7 (700) 3 888 104

Әлеуметтік желілер:    / massaget.kz      / massaget.kz   https://t.me/massaget_news

00:00-00:49 - Анонс

00:53-01:06 - Таныстыру

01:07-03:18 - Қазақстандағы банктерге салық мөлшерін көбейту туралы талап қойылады

03:19-05:50 - Квазимемлекеттік сектор Парламентке есеп беруі тиіс

05:51-06:44 - Былтыр "Самұрық-Қазына" іc-шараларға 140 млрд теңге жұмсады

06:45-10:00 - Ұлттық қордан ақша алу дұрыс емес

10:01-11:49 - Қазақстанда жеңілдетілген несие жүйесін енгізу керек

11:50-13:08 - Банктердің артында ірі олигархтар тұр

13:09-16:51 - Аз шығын шығарып, көп пайда тауып отырған банктерге қатаң талап қоюымыз керек

16:52-20:41 - Зейнетақы мен жәрдемақы сияқты әлеуметтік төлемдерді қысқартуға болмайды

20:42-25:50 - Теңге құнсызданған сайын біздің шетелден алған қарызымыз өседі

25:51-28:17 - Бастапқыда АХҚО-ны Ұлттық банк қаржыландыруы керек еді. Бірақ олар бюджеттен ақша алып отыр

28:18-29:05 - Ақылы жолдар - жолға салған қаражатты ақтайды

29:06-32:39 - Болашақта өңірлерге республикалық бюджеттен берілетін төлем азаюы мүмкін

32:40-36:22 - Ауылдарда ауыз су мәселесін шешуге бөлінген қаражат көп жағдайда ұрланып жатыр

36:23-40:57 - Жергілікті жерлерде жемқорлық өршіп тұр

40:58-42:30 - Халық кімнің кім екенін өзі-ақ айтып береді

42:31-46:21 - Жергілікті тұрғындармен кездескенде әкімдерді мақтатуға жол бермеймін

46:22-50:16 - Сатып алу құқығынсыз берілетін үйлерді жекешелендіру мәселесі шешілетін болды

50:17-54:18 - Қазір Парламентте қаралып жатқан бюджет кодексі туралы заңда бюджет бүйірін толтыру мәселесі назарда болмақ

54:19-58:52 - Депутаттық қызметтегі 18 жылда бірде-бір қызметтік пәтер алған емеспін

58:53-59:43 - Екі ұлымның атын екі премьер-министрдің құрметіне қойдым

59:44-01:04:34 - Мәжілістегі депутаттың жалақысы бірдей