Неге Наурызды “Самарқанның көк тасы жібіген күн” дейді?

Бұл тұрақты сөз тіркесінің мәніне үңілмес бұрын, алдымен көк тас тіркесіне тоқтала кетейік. Қазақта үлкен кісі баласынан көңілі қалса, «басыма көк тас қоймай-ақ қой» деп өкпе-ренішін білдіріп жатады. Мұндағы көк тас жай тас емес, асыл тас, лағыл тас.  Ғылыми атауы – лазурит.

Ертеде қайтыс болған атақты адамдардың басына Самарқаннан арнайы көк тас алдырып қою дәстүрі болған. Ал тіркестің шығу тарихын белгілі этнограф-қаламгер Сейіт Кенжеахметов былай түсіндіреді. «Самарқандағы Ұлықбектің обсерваториясындағы аспан денелерін белгілеген үлкен көк тасқа Ұлыстың Ұлы күні күн сәулесі тікелей түскенде әлгі тас бірер сәтке ериді екен» деген аңыз бар.


Одан бөлек, Наурызда бір-біріне бұрынғы өкпе-реніштері бар адамдар төс қағыстырып, қайта достасады. Егер Ұлыстың Ұлы күнінде өкпе-ренішін қия алмаса, «Сен тастан да қаттысың ба, бұл күні Самарқанның көк тасының өзі жібиді ғой» деп наз айтатын болған. 



Бөлісу: