Қазақстанда басқалардың көзінше жерге түкіретін ерлер қауымын жиі байқауға болады. Олардың неге мұндай әдетке әуес екенін білу үшін психологтармен тілдестік.
Мамандардың пікірінше, көптеген ер адам үшін түкіру - еркектіктің көрінісі. Өйткені әйелдер мен зиялы қауым бұлай істемейді.
Енді бір маман көшеде түкіру адамның мәдени деңгейі мен жетілуінен хабар беретінін айтады. Кемел әрі толысқан адам өз-өзін сырттай бағалайды. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін сараптайды. Сәйкесінше, қоғамдық орында қақырып, түкірмейді.
Негізінен, түкіру - кез келген этикалық нормаларға келмейтін бұрыс әрекет. Қоғамда жиіркеніш тудырады. Сондай-ақ, сілекей ауру таратады. Оның бактерияларға толы екенін ескеру керек.
Айта кетейік, енді елімізде түкірген адамды камера арқылы анықтап, оған айыппұл төлетеді.