• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Нартай Аралбайұлы: Халық қақаған қыста далада тұруға мәжбүр /Мәжілістің жалпы отырысы/05.02.2025

Мәжіліс мінберінде депутат Нартай Аралбайұлы еліміздегі сейсмикалық станциялардың жағдайы туралы мәселе көтеріп, алаңдаушылық білдірді. Келтірілген дерекке сенсек, Қазақстанда 70 сейсмологиялық станция бар, оның алтауы жұмыс істемейді. Одан бөлек елімізге 285 станция қажет, бірақ жеткілікті шаралар қабылданбаған. Алматыдағы 27 мың жаттығу мен 2500 семинардың пайдасы болмады. "Жаттығулар өтті, семинарлар өтті, бірақ нәтиже қайда" деп сұрады ашынған депутат. Төтенше жағдайлар министрі не деп жауап берді, сейсмикалық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?