Мешітте билеген қыз жұрт ашуын келтірді

Мешітте билеген қыз жұрттың ашуын келтірді

Таяуда ғана ашылған бас мешітте қыз бала айғайлап, ән салып, би билеген. Қазнеттегілер оның «ішіне жын кірген» деп топшылаған.

Кейінірек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдері пікір білдірді. Олардың айтуынша, мешітке келген қыз құлшылық үйінің ішкі тәртібі мен әдебін өрескел бұзған.

Дін қызметкерлері оған мешіт әдебін түсіндірген. Алайда имам кеңесіне бағынбаған ол "мен Мәһдимін, оны осы жәрде дәлелдеуім керек" деп қарсылық танытқан.

Күзетшілер оны мешіт ауласынан шығарып жіберуге мәжбүр болыпты. Шу шығарған қыз кім екені белгісіз, жазаланды ма, жоқ па, бұл да жұмбақ.



Бөлісу: