Ұзақ өмір: Түнде қанша сағат ұйықтаған жөн?
Дұрыс ұйықтау мен дұрыс тамақтану – ұзақ өмір сүрудің кілті. Дұрыс тамақтануға жеміс-жидек пен көкөністі көбірек жеу жатса, физикалық белсенділікке үнемі қозғалу, қимылдап жүру жатады. Осылардың ішінде адам денсаулығына әсер етер, өмір сүруін ұзартар нәрсенің бірі – ұйқы.