"Ұлытау мұрасы" (7-бөлім)
Тарихы тереңде жатқан қазақ даласының түкпір-түкпіріне саяхат жасап, ішкі туризмді дамытуға өз үлестерін қосуды мақсат тұтқан "Nomad Explorer" жобасының "Ұлытау мұрасы" атты алғашқы экспедициясынан дайындалған фотокүнделіктер топтамасын осыған дейін порталымызға жариялағанбыз. Ұлт ұясы атанған Ұлытау өңірін қалың жұртшылыққа таныстыру міндетін біздің редакциядан бөлек өзге ұжымдар да мойнына алған еді. Солардың қатарында "Тұран Тв" арнасы да бар. Назарларыңызға аталған арна ұжымы дайындаған видеотоптаманың жетінші бөлімін ұсынамыз. Бұл бөлімнен Едіге шыңы мен Ұлытау өңіріндегі обалар туралы ақпарат алып, бір аптаға созылған экспедицияның соңғы күні қалай өткенін біле аласыздар.
"Ұлытау мұрасы" (7-бөлім)