"Ұлытау мұрасы" (4-бөлім)
Тарихы тереңде жатқан қазақ даласының түкпір-түкпіріне саяхат жасап, ішкі туризмді дамытуға өз үлестерін қосуды мақсат тұтқан "Nomad Explorer" жобасының "Ұлытау мұрасы" атты алғашқы экспедициясынан дайындалған фотокүнделіктер топтамасын осыған дейін порталымызға жариялағанбыз. Ұлт ұясы атанған Ұлытау өңірін қалың жұртшылыққа таныстыру міндетін біздің редакциядан бөлек өзге ұжымдар да мойнына алған еді. Солардың қатарында "Тұран Тв" арнасы да бар. Назарларыңызға аталған арна ұжымы дайындаған видеотоптаманың төртінші бөлімін ұсынамыз. Бұл бөлімнен "Терісаққан көктемі" шарасы несімен қызық екенін және экспедицияның төртінші күнінде қандай қызықтар болғанын біле аласыздар.
Көре отырыңыздар:
"Ұлытау мұрасы" (4-бөлім)