"Ұлытау мұрасы" (1-бөлім)
Тарихы тереңде жатқан қазақ даласының түкпір-түкпіріне саяхат жасап, ішкі туризмді дамытуға өз үлестерін қосуды мақсат тұтқан "Nomad Explorer" жобасының "Ұлытау мұрасы" атты алғашқы экспедициясынан дайындалған фотокүнделіктер топтамасын осыған дейін порталымызға жариялағанбыз. Ұлт ұясы атанған Ұлытау өңірін қалың жұртшылыққа таныстыру міндетін біздің редакциядан бөлек өзге ұжымдар да мойнына алған еді. Солардың қатарында "Тұран Тв" арнасы да бар. Назарларыңызға аталған арна ұжымы дайындаған видеотоптаманың бірінші бөлімін ұсынамыз. Бұл бөлімнен "Ұлытау мұрасы" экспедициясы қалай басталғанын, Теректі әулие мекені туралы аңыз қайдан шыққанын, Жошы хан мазары қай кезде тұрғызылғанын, Домбауыл кесенесінің салыну тарихы қандай екенін біле аласыздар.
Көре отырыңыздар:
"Ұлытау мұрасы" (1-бөлім)