Ұлы дала батырлары - Өтеген батыр

XVIII ғасырдың басы қазақ халқы үшін ауыр кезең болды. Дәл осы дәуірде батырлар бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ата дұшпаға соққы беріп, туған жерін аман сақтап қалды. "Ұлы дала батырлары" бағдарламасының бүгінгі шығарылымы ерте жастан соғысқа араласқан, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірлерін азат ету кезінде жетекші рөл атқарған Өтеген батырға арналмақ.