Ұлы дала батырлары - Қобыланды батыр

Өзінің күрделі де күңіренді тарихында қазақ халқы ұлттық намысын, егемендігін, елдігін сақтап, сыртқы жауға қарсы үнемі күресумен өткен болатын. Осындай күрестердің нәтижесінде, ерліктері ауыздан ауызға тараған батырлардың есімі халық жадында мәңгіге сақталды. Олардың істеген істері әрдайым өскелең ұрпаққа күш беріп, жаңа батырлардың қалыптасуына септігін тигізген. Халық арасында есімі сақталып, ерлігі жыр-дастан мен аңыздарға арқау болған сондай тұлғалардың бірі — Қобыланды батыр. Назарларыңызға "Білім және Мәдениет" арнасы ұсынған "Ұлы дала батырлары" бағдарламасының кезекті шығарылымын ұсынамыз.