Ұлы дала батырлары - Бөгенбай батыр

Қазақ өз жерін сыртқы күштерден қорғап қалу үшін ұзақ жылдар бойы табандылық танытып, жауға қарсы тұра білді. Азаттық жолында жан алысып, жан беріскен кезі аз болмады. Атамекені, халқының қамын жеп, елі мен жері үшін болған қиян кескі шайқастарда ерлік көрсеткен ерлер де аз емес. Сондай ердің бірі де бірегейі — атақты қолбасшы Бөгенбай батыр. "Ұлы дала батырлары" бағдарламасының Бөгенбай батырға арналған шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз.