Ұлы дала батырлары - Алпамыс батыр

Батырлар жайлы аңыздар қазақ халқының ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. Бұл туындыларда батырлардың бойындағы мейірімділік, еліне деген сүйіспеншілік, әділеттілік тәрізді адамгершілік қасиеттері жырланады. Назарларыңызға "Ұлы дала батырлары" жобасының кезекті шығарылымын ұсынамыз. Бүгінгі сан ерлігі ауыздан ауызға тарап, қаһармандық эпостың кейіпкеріне айналған Алпамыс батырға арналады.